Жәнібек Әлімханұлы Шираздың титулын талап етті

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша суперорта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираздың титулын алуға ниетті екенін мәлімдеді.

Жәнібек Әлімханұлы Шираздың титулын талап етті
x/qazaqstyle

Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында британдық боксшымен бірге түскен суретін жариялап, оған қатысты өз ойын қысқа әрі нақты жеткізді.

"Ол менің жауым емес! Маған оның титулы ғана керек. Болды. Мұнда жеке ештеңе жоқ!"

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы рекорды - 17 жеңіс, оның 12-сі нокаут. Ал Хамза Шираз 24 жеңіс, бір тең нәтиже және 19 нокаут көрсеткішіне ие.

Еске салайық, тамыз айында Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Хамза Ширазға титулын Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жекте қорғауды міндеттеген болатын. Алайда белгіленген мерзім ішінде екі боксшының командалары жекпе-жек өткізу жөнінде ортақ келісімге келе алмады.

Осыған байланысты кездесу промоутерлік саудаға шығарылды. WBO шешімі бойынша Queensberry Promotions пен Top Rank арасындағы промоутерлік сауда 16 қыркүйекте өтеді. Оның қорытындысы Әлімханұлы мен Шираз арасындағы титулдық жекпе-жекті ұйымдастыру құқығын анықтайды.

Жарнама
Жарнама