АЧ-2024: Дулат Бекбауов ширек финалда
30.11.2024, 15:29
Қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегін айқын жеңіспен бастады.
Qaz365.kz
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. 67 келіде өнер көрсететін Дулат Бекбауов шаршы алаңға шығып, келесі айналымға жолдама алды.
Отандасымыз қытайлық Тайбэй боксшысын ойсырата жеңді. Есеп 5:0. Төрешілер 3 раундта да Дулатты жеңімпаз таныған.
Енді қазақстандық былғары қолғап шебері ширек финалда шеберлік байқасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама