Дамир Ысмағұлов пен Мария Агапова америкалық лигада өнер көрсетеді

Редактор Penalty.kz
21.01.2025, 17:00

 

Америкалық Global Fight League (GFL) қазақстандық қос файтермен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді.

golos-naroda.kz

Промоушен қатарын UFC, сондай-ақ M-1 Global және Alash Pride лигасында өнер көрсетуімен танымал жеңіл салмақтағы Дамир Ысмағұлов (26-3) толықтырды. Соңғы рет Дамир AMC Fight Nights турнирі аясында кәсіпқой бокста жұдырықтасқан. 

Ысмағұловтан бөлек GFL-ға ең жеңіл салмақта UFC-дегі алғашқы қазақстандық Мария Агапова (10-5) ауысты. Павлодар тумасы ең мықты промоушенде алты жекпе-жек өткізіп соның екеуінде жеңіске жеткен. Ал UFC-ден кеткеннен кейін кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. 

Айта кету керек, бұған дейін GFL-мен қазақстандық файтер Магомед Кабардиев (10-1) келісімшарт жасасқан.