Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Балоевтің (13-2-1, 8 КО) кезекті жекпе-жегі белгілі болды.
31 жастағы Балоев 28 ақпанда Астанада өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыласы қытайлық Вусхати Нюрланг (16-3-2, 13 КО) болады (бір қызығы қытайлық боксшының бет-әлпеті қазаққа ұқсайды, есімі де өзгертіле айтылып тұрғаны анық - Есхат Нұрлан болса керек). Бұл жекпе-жек алты раундқа есептелген.
Балоев соңғы рет 24 шілдеде Мәскеуде жұдырықтасып, ресейлік боксшы Виталий Кудуховтан (7-2, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңілген еді.
Ал 28 жастағы қытайлық боксшы 16 қараша Таиландта конголық дебютант Мби Жозе Бальдоничені (0-1) үшінші раундта нокаутқа түсірген. Кезінде Есхатта екінші орта салмақта WBC Far East және жартылай ауыр дивизионда WBO Oriental титулдары болған