Балауса Мұздыман Ангелина Лукасты сұлатып түсіретініне сенімді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
05.02.2025, 16:00

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман отандасы Ангелина Лукасты жекпе-жекке шақырды. 

NUR.KZ

Бұл туралы боксшы SPORT+ сайтына хабарлады. 

“Ангелина белгісіз себептермен жекпе-жектен қашқақтап жүр. Бірақ мен оны нокаутқа жіберемін. Мен бұған толық сенімдімін. Егер нокаутқа жібермесем, онда барлық гонорарды қайтаруға дайынмын. Сен ешқашан бір жекпе-жек үшін 100 мың доллар алып көрген жоқсың, оны алмайсың да. Сондықтан келісіміңді бер”, — деді Балауса.

Еске сала кетсек, Fight Nights жекпе-жек лигасының басшысы Камил Гаджиев Қазақстанда Ангелина Лукас пен Балауса Мұздыман арасындағы реваншты ұйымдастыру идеясынан айнып қалды. Бұған дейін ол әр спортшыға өз қалтасынан 50 мың доллар гонорар төлеуге дайын екенін мәлімдеген.