Франциялық кәсіпқой боксшы Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 KO) өтетін жекпе-жекке деген көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Penalty.kz.
Бұл кештің басты айқасы 5 сәуірде Астана қаласындағы "Барыс Арена" спорт кешенінде өтеді.
Франциялық боксшы алдағы жекпе-жекке қатысты өз пікірін білдірді:
«Бұл мүмкіндік үшін алғысым шексіз. Шамамен бір жыл бойы осындай айқасқа қол жеткізу үшін күрестім, сондықтан бұл – менің карьерамдағы ең маңызды сәт. Мен арыстанның апанына бара жатқанымды білемін, бірақ осындай қиын жағдайларда әрдайым өзімді көрсетіп келемін. Жәнібекке және оның жетістіктеріне үлкен құрметпен қараймын, бірақ Қазақстанға "тойды бұзу" үшін және өзімнің шыңға лайық екенімді дәлелдеу үшін келемін. Кездескенше, 5 сәуір!»
Бұл жекпе-жек тек чемпиондық белбеулер үшін ғана емес, екі мықты боксшының беделі үшін де үлкен сынақ болмақ. Жанкүйерлер Астана төрінде өтетін тартысты шайқасты тағатсыздана күтуде.