Қазақстандық боксшы қыздар миллионер атануы мүмкін

Редактор Penalty.kz
07.02.2025, 19:10

8-16 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді. 

NUR.KZ

Чемпионатты ұйымдастырушы Халықаралық бокс федерациясы (IBA) жарысқа барынша көп елді тартуға тырысты. Өз кезегінде ұйым Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) тарапынан мойындалмаған және Олимпиадаларға қатысу құқынан айырылған. 

Бірақ "даулы" федерация қарапайым, бірақ тиімді әдісті қолданды. Олар турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қомақты сыйақы тағайындады. 

  • Әлем чемпиондары – 100 000 доллар алады  
  • Күміс жүлдегерлер – 50 000 доллар көлемінде чекке ие болады  
  • Қола медаль иегерлеріне – 25 000 доллар беріледі  
  • Төрт ширек финалистке – 10 000 доллар көлемінде сыйақы қарастырылған  

Бұл қаржылай ынталандыру қазақстандық боксшылардың әлемдік додадан мол табыспен оралуына мүмкіндік беруі мүмкін.

2023 жылы Делиде өткен әлем чемпионатында IBA дәл осындай көлемдегі сыйақыларды ұсынды. Дегенмен биыл ұйым тіпті ширек финалистерді де қаржылай марапаттау туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, сол чемпионатта Қазақстан әйелдер құрамасы екі күміс және алты қола медаль жеңіп алды. 

IBA-ның басты бәсекелесі – Олимпиада ойындарына ресми мойындалуға ұмтылып жүрген World Boxing ұйымы 2025 жылғы әлем чемпионатының жүлде қоры туралы әзірге ашық мәлімдеме жасаған жоқ.