Түркістанда бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл толуына орай 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир басталды.
Турнир жақында ғана пайдалануға берілген “Бекзат Саттарханов” спорт кешенінде жауалын көтерді. Дүбірлі додаға Өзбекстан мен Қырғызстан Республикасынан және елдің барлық аймағынан 200-ден аса спортшы қатысып жатыр.
Бекзат Саттарханов көзі тірі болғанда биыл 45 жасқа толар еді. Әлемдік бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған батыр ұлды халық жадында мәңгі сақтау үшін жыл сайын сәуір айында халықаралық турнир ұйымадастырылады.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир 13 ақпанға дейін жалғасады.
“Бұл ешқандай да кезекті турнир емес, кезектен тыс турнир. Мынау кешеннің құрылысы жақында аяқталды. Алғаш рет Бекзатқа арнап, турнир өткізіп жатыр. Мен осыны ұйымдастырғандарға алғысымды айтамын. Келіп жатқан қонақтарға, жас балаларға жеңіс тілеймін”, – деді Бекзаттың анасы Сырлыгүл Шойбекова.