Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақ боксшысының дебюті Оскар Де ла Хойяның назарына ілікті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
10.03.2025, 08:05

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті, әйгілі Оскар Де ла Хойя кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде сенсациялық жеңіске жеткен қазақ боксшысы Руслан Абдуллаевтың өнеріне жоғары баға берді. 

allboxing.ru
Реклама
Реклама

Де ла Хойя: "Абдуллаев – нағыз жыртқыш!"

Олимпиада чемпионы, танымал промоутер Оскар Де ла Хойя өз Instagram парақшасында Абдуллаевтың болашағына үлкен сенім білдірді:

"Руслан Абдуллаев – жыртқыш! Мақсат – оны жеті жекпе-жекте әлем чемпионы ету. Кеттік!" – деп жазды Де ла Хойя.

Кәсіпқой бокстағы алғашқы айқасында Руслан Абдуллаев Мексика өкілі Хосе Валенсуэлу Альварадоны (3-20-1, 2 KO) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Абдуллаев әуесқой бокста да айтулы жетістіктерге жеткен: 

  • 2023 жылғы әлем чемпионы;
  • 2022 жылғы Азия чемпионы.

Руслан Абдуллаевтың кәсіпқой бокстағы сенімді дебюті оны үлкен карьера күтіп тұрғанын дәлелдейді. Де ла Хойяның оны әлем чемпионы ету жоспары қазақ боксшысының шын мәнінде ерекше талант екенін көрсетеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары