Ниш (Сербия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы шығынын тіркеді.
Анита Адишева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарысты 1/16 финалдан бастады. Ол алғашқы кездесуін мексикалық Эсмеральда Жасмин Патиньо Хуареске қарсы өткізді. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы 2:3 есебімен қарсыласына жол берді. Үшінші раундта рефери Патиньо Хуареске нокдаун есептеді. Бірақ бұл нәтиженің шешуші факторына айналған жоқ.
Осылайша, Анита Адишева әлем чемпионатындағы өнерін ерте аяқтады. Бұл Қазақстан әйелдер құрамасы үшін чемпионаттағы алғашқы шығын болды.
Ал Жайна Шекербекова келесі кезеңге автоматты түрде өтті. Оның қарсыласы – Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) "Fair Chance Team" құрамасында өнер көрсететін боливиялық Джускарли Патрисия Бесерра Монтесинос жекпе-жекке келмеді.