Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі болашағына қатысты мәлімдеме жасалды

Редактор Penalty.kz
20.03.2025, 04:10

Күні кеше UFC-де дебютін жасап жеңіліп қалған қазақстандық файтер Дияр Нұрғожайдың аталған лигада қалу-қалмау мәселесі бұған дейін де көтерілген болатын. 

RunaSport.com

Себебі спортшының жеңілуі өз алдына, ол жауапты жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде 2,5 келіні қуа алмаған, деп жазады prosports.kz

Осыған байланысты Tobet Top Team командасының бапкері Нұртас Әлімбаев жауап берді. Оның айтуынша, Диярда UFC-де тағы бірнеше жекпе-жек өткізетін келісімшарты бар.

"Оның еңсесі түскен жоқ, керісінше жігерленіп октагоға қайта шыққысы келіп отыр. Оның UFC-мен төрт жекпе-жекке келісімшарты бар, сондықтан алда тағы кездесулер болады", - деді ол Naiza TV эфирінде.

Еске салайық, Дияр Нұрғожай 16 наурызда Лас-Вегастағы UFC турнирінде бразилиялық Брендсон Рибейромен төбелесіп, қылқындыру әдісіне түсіп жеңіліп қалған болатын.