Жарнама
Жарнама
Қазақстан қоржыны Азия ойындарында тағы екі медальге толықты
olympic.kz

Қазақстан қоржыны Азия ойындарында тағы екі медальге толықты

Қазақстандық дуэт 500 метрлік каноэ-екілік сайысында үшінші орын алды.

Қазақстандық спортшылар Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жүлдегерлері атанды. 

Қазақстандық дуэт 500 метрлік каноэ-екілік сайысында үшінші орын алды. Ескекшілер уақыт көрсеткіші - 1:44.972. 

Қытай чемпион атанды

Бұл сында алтын медаль Қытай құрамасына бұйырды. Қытайлық спортшылар 1:40.741 уақыт көрсетті.

Күміс жүлдені Өзбекстан өкілдері иеленді. Олардың нәтижесі – 1:42.878.

Айта кетейік, қазақстандық тағы бір ескекшілер жұбы Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая бүгін 500 метрлік байдарка-екілік сайысында күміс медаль жеңіп алды. 

Ал Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапониядағы Азия ойындарының чемпионы атанып, Қазақстанға сегізінші алтын медальді сыйлады. 

Жарнама
Жарнама