Жүйелі түрде жол ережесін бұзатын жүргізушілерге қатысты айыппұлдарды төлеу жеңілдіктері жойылуы ықтимал. Сенатор Марат Қожаев бұл бастаманы көтерді.
Қазір Қазақстанда жол қозғалысы ережесін бұзғатындар айыппұлды жеті күн ішінде төлеген жағдайда 50% жеңілдік алады. Бірақ сенатор Марат Қожаев бұл механизмнің теріс салдарын атап өтті. Оның пікірінше, мұндай жеңілдіктер жүйелі түрде ереже бұзатын жүргізушілерді ынталандырып отыр.
“Кейбір жүргізушілер күн сайын жылдамдықты асырып, автобус жолағымен жүреді, қоғамдық көлік қозғалысына кедергі келтіреді. Олар үшін айыппұл — жай ғана рәсім. Жарты бағасын төлеп, келесі күні қайтадан заң бұзады”, — деді Қожаев Сенат отырысында.
Сенатор бұл санатқа негізінен қымбат көлік тізгіндеген жас жүргізушілер жататынын атап өтті. Көбіне олар ауқатты отбасылардан шыққан, ал айыппұлды “ереже бұзу ақысы” ретінде қабылдайды.
Сенатор келтірген ресми деректер:
Марат Қожаев сондай-ақ жыл ішінде 10 және одан да көп рет ереже бұзған жүргізушілерге ПДД емтиханын қайта тапсыруды міндеттеу туралы ұсыныс айтты.
Бұл шара арқылы жауапсыз жүргізушілердің санын азайту және қауіпсіздік деңгейін арттыру көзделіп отыр.