Формула-1 тарихындағы аты аңызға айналған спортшы Михаэль Шумахердің бірегей болиді аукционда сатылды. Бұл оқиға Монако Гран-приі қарсаңында болды.
2001 жылы "Ferrari" командасының атынан жарысқа түскен Михаэль Шумахер Монако мен Мажарстан (Венгрия) Гран-приін осы болидпен жеңіп алған. Атақты F2001 моделі аукционда 18,7 миллион АҚШ долларына өтті. Бұл – бұрын-соңды Шумахер айдаған көліктер арасындағы ең жоғары баға.
Бұған дейінгі рекорд 2022 жылы тіркеліп, 13,2 миллион доллар болған. Алайда биылғы аукцион бұл көрсеткішті артта қалдырды. The New York Times хабарлауынша, аукцион Монако Гран-приі өтер қарсаңда ұйымдастырылды.
Бұл болидтің ерекше қымбатқа бағалануы бірнеше себеппен түсіндіріледі: