Қазақстанда көлік иелеріне үлкен жеңілдік келе жатыр! 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді, соның нәтижесінде 3 литрден асатын қозғалтқышы бар көліктердің салығы төрт есе және одан да көп төмендейді. Бұл өзгеріс тек ескі темір тұлпарларға емес, жаңа көліктерге де қатысты болмақ.
2026 жылдан бастап Қазақстанда көлік салығы біршама өзгермек. Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін салық тек ескі көліктерге ғана емес, үлкен көлемді қозғалтқышы бар темір тұлпарларға да едәуір азаяды. Әсіресе, мотор көлемі 3–4 литр аралығындағы автокөліктер үшін жеңілдік айтарлықтай болмақ. Бұл туралы kolesa.kz хабарлады.
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі 2025 жылғы 18 шілдеде қабылданып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Ең үлкен салық үнемі қозғалтқыш көлемі 3–4 литр аралығындағы көліктер иелеріне тиесілі болады. Бұған дейін олар үшін арнайы жоғары салық мөлшерлемелері қолданылып келген.
Қозғалтқыш көлеміне қарай салық мөлшері (АЕК есебімен):
Жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен кейін, қозғалтқыш көлеміне қарай мынандай жеңілдетілген салық мөлшерлемелері қолданылады:
Салық 4.4 есе төмендейді!
337 000 теңгеден астам үнем.