RaiM Ерке Есмаханды Қозы Көрпеш – Баян сұлу күнімен ерекше құттықтады (ВИДЕО)
16.04.2025, 13:00
Ғашықтар күні отандық танымал әнші Ерке Есмаханды күйеуі, белгілі орындаушы RaiM ерекше сыйлықпен қуантты.
instagram/@erke_esmahan
Қазір үшінші сәбиіне аяғы ауыр Ерке Есмахан Instagram парақшасында күйеуінің сыйлығын көрсетті. Ол үлкен, сәнді бөртегүл мен зерлі сағат пен сақинаны жұрт назарына ұсынды.
"Мені екеуі келіп құттықтады. Муслим оқуда", – деп жазды Ерке, күйеуі RaiM мен кенже ұлы Исламның фотосын бөлісіп.
Жанкүйерлердің айтуынша, RaiM жарына жиі тосынсый жасап тұрады. Әншіге арналған гүлдер мен брендтік сөмкелер – оның сүйікті сыйлықтарының бірі.
- Жаңа жылда Ерке атақты брендтің шие түсті сөмкесін және оған үйлесетін туфли алған.
- Ал 8 наурызда әншінің гардеробына бағасы 12 миллион теңге тұратын сөмке қосылған.
Айта кетейік, жуырда Ерке өзінің 40 жасқа толған мерейтойын үлкен тойсыз өткізгенін мәлімдеген. Ол бұл шешімін жеке қалауы мен отбасылық құндылықтармен байланыстырған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама