Толқын Забирова шығармашылығының 35 жылдығына орай сирек архивтерді бөлісті (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
16.04.2025, 21:02

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада мен опера әншісі Толқын Забирова әлеуметтік желіде сирек кездесетін архивтік кадрларын жариялап, тыңдармандарын өткен шаққа жетеледі.

Instagram/@tolkynzabirova

Толқын Забирова 2025 жылдың сәуір айында Шымкент, Түркістан және Таразда өтетін жеке концерттерін жария етті. Бұл кештер оның 35 жылдық шығармашылық жолына арналмақ. Концерттер мерейтойлық форматта өтеді. Тыңдармандар үшін ерекше естелік кеш болатыны анық.

Әнші Instagram парақшасына 1993 жылдан бастап сахнада ән шырқап тұрған сирек видеолар мен фотосуреттерді жүктеді. Сол кезде Толқын небәрі 23 жаста болған. Бірнеше секунд ішінде ондаған жылдар бойғы сахна сәттері көз алдымыздан сырғып өтеді.

Пікір қалдырғандар әншінің жылдар өтсе де көркі мен сымбаты өзгермегенін жарыса жазуда. Олар Толқын Забироваға деген ықыласын ерекше жылы сөздермен жеткізді:

"Мүлде өзгермепті, тіпті көріктене түскен",

" Алматыда концерт қашан?",

"Мүсіні мінсіз, уақыт тоқтап қалғандай",

" Өте жас көрінеді",

"Жыл өткен сайын сұлулығы артып келеді. Ішкі көркемдік – өзгермейтін қасиет".