Қазнетте қайырымдылықпен танылған жұмбақ блогер – @chelovekvmaskee, яғни "Маска таққан адам", тағы да жүрек жылытатын қадам жасады. Бұл жолы ол пара армрестлинг төрт дүркін әлем чемпионы Никитаға пәтер сыйлап, оның болашақ арманын жүзеге асыруға көмектесті.
Никита – спорттағы жетістіктерімен қатар, өмірін өзгелерге арнаған жан. Ол балаларды оңалту орталығында реабилитолог болып жұмыс істейді. Мүгедектігі бар балалармен жұмыс істей жүріп, ол осы істің өзінің өмірлік жолы екенін түсінген.
"Мен өзімді осы салада таптым. Қазақстан туын көтергеніме мақтанамын. Өзім секілді адамдарға көмектескім келеді", – деді Никита.
Никитаның арман-жоспары – өз реабилитациялық орталығын ашып, мүгедектігі бар балалардың өмірін жақсартуға үлес қосу.
" Маска таққан адам" Никитаның оқиғасынан ерекше әсерленіп, оған үлкен көмек көрсетуге бел буды: