2024 жылы ел бойынша кинотеатрларға барған көрермендер саны 23 миллионнан асқан.
2024 жылы Қазақстанда кино көруге деген сұраныс күрт артты. Ел бойынша кинотеатрларға барған көрермендер саны 23 миллионнан асқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,2%-ға көп. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Кинематографияда да өсім байқалады. Бір жылда елде 514 фильм түсірілген. 2023 жылға қарағанда 127 туындыға көп. Соған қарамастан, киностудиялар саны 98-ден 80-ге дейін қысқарған.
Бүгінде елімізде 113 кинотеатр жұмыс істейді, олардың басым бөлігі Алматы (22), Астана (11) және Шымкент (7) қалаларында орналасқан.