Белгілі актриса құрбысының туған күнін Таяу Шығыста атап өтті.
Қазақ киносы мен шоу-бизнесінің жарқын жұлдызы, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова Instagram парақшасында Дубайда түсірілген ерекше сәттерді жариялады. Бали аралында тұрып жатқан өнер иесі Біріккен Араб Әмірліктеріне құрбысының туған күніне арнайы ұшып барған.
Желіде жарияланған суреттерден Әселдің достарымен бірге теңіз жағасында демалып, яхтада серуендеп, би билеп, еркін әрі көңілді уақыт өткізгені аңғарылады. Актрисаның жанындағы жандардың шынайы күлкісі мен жылы эмоциялары оқырмандарды да тәнті етті.
Әсел бұл салтанатты шара үшін нәзіктігін және әйелдік болмысын айшықтайтын әсем көйлек таңдаған. Той иесінің көңілін көтеру үшін сәнді образы мен жарқын жүзі үйлесім тапқандай әсер қалдырды.
"Дубайдағы Индирочканың ұмытылмас туған күні", – деп жазды Сәдуақасова.
Желі қолданушылары Әселдің образына және әсерлі сәттеріне ерекше ықылас білдірді. Комментарийлерден үзінділер: