Әнші Жанар Дұғалова сахнада ән айтып, би билеп жүрген сәтінде күтпеген жерден жарақат ала жаздады.
Жарияланған бейнежазбада сахнада белсенді қозғалыста жүрген Жанардың артынан кенет жылдамдықпен келе жатқан жылжымалы камера соғып өткені анық байқалады. Оқиға орнында абдырап қалған әнші болған жағдайды бірден түсінбей, артқа шегініп, камера жаққа ала көзімен қарап, жұдырығын түйіп көрсеткен.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты түрлі пікірлерін білдірді. Бірі:
— деп әзіл-шыны аралас ойларын жазды.
Абырой болғанда, Жанар Дұғалова бұл келеңсіздіктен айтарлықтай жарақат алмай, өнерін әрі қарай жалғастырды.