"Дима Билан сияқты жұлдыз болады!" – Қайрат Нұртасты Ресейге неге бермеді?

Редактор Penalty.kz
27.05.2025, 20:00

Танымал қазақстандық продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлына Ресей тарапынан нақты ұсыныстар түскенін растады.

Qaz365.kz

Ресейлік продюсер: “Қайрат – Дима Билан деңгейіндегі жұлдыз”

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, Қайрат Нұртасты бірнеше рет Ресейдің танымал телевизиялық жобаларына шақырған. Солардың бірі – "Добрый вечер" бағдарламасының бас продюсері:

“Ол маған қоңырау шалып, Қайратты сұрады. “Бізге беріңіздер, ол Дима Билан сияқты жұлдыз болады”, – деді. Дауысы ерекше, жүрекке жететін үн естідім деп, бізді интернеттен іздеп тауыпты”, – дейді Айдарбекова.

Ұлттық таңдау: Отбасы мен ел – бірінші орында

Алайда продюсер бұл ұсыныстан бірден бас тартқанын айтады. Оның басты себебі – Қайрат сол кезеңде отбасылы азамат болған және анасы оның Қазақстанда қалып, ел үшін еңбек еткенін қалаған.

“Ол кезде ұлым отбасылы еді. Шетелде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болғаны дұрыс деп шештім”, – деп түйіндеді ол.

Қайрат Нұртас шетелдегі әрекеттері үшін сынға ұшыраған

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың шетелде жүрген сәттері мен шығармашылық жоспарлары әлеуметтік желіде қызу талқыланып, кей сынға ұшыраған болатын.