Мейрамбек Беспаев қызының мектеп бітіргенін хабарлады (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
19.06.2025, 11:21

Танымал әнші, "МұзАРТ" тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев қызы Кәусардың мектеп бітіруіне орай қуанышты жаңалығын бөлісті.

aqjolgazet.kz

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Бүгін мені әке атандырған тұңғышым, нәзік гүлім Кәусарым мектеппен қоштасты. Бұл күн – тек қызым үшін емес, мен үшін де ерекше толқынысқа толы сәт болды. Балапанымызды 11 жыл бойы біліммен сусындатып, үлкен өмірге қанат қақтырған Алматы қаласындағы Ш.К. Беркінбаева атындағы қыздар мектеп-лицей-интернатының ұстаздары мен басшылығына алғысым шексіз. Барлық түлектің жолы ашық болсын, жарқын болашаққа қадам бассын!", – деп жазды әнші.

Кәусар – Мейрамбек Беспаевтың отбасындағы тұңғыш перзенті. Әкесі оған үнемі мейіріммен қарайтынын бұған дейінгі жазбаларында да жиі айтып жүрген.