Монакодағы бір түн! Виктория Боня мен Мбаппе арасында не болды?

Редактор Penalty.kz
20.06.2025, 19:05

Белгілі модель Виктория Боня «Реал Мадрид» жұлдызы Килиан Мбаппемен арасында болған оқиғаны айтып берді.

sport24.ru

Әлем футболының жұлдызы Килиан Мбаппенің жеке өміріне қатысты күтпеген жаңалық жарияланды. Белгілі ресейлік модель әрі блогер Виктория Боня франциялық шабуылшы 17 жаста болғанда онымен сүйіскенін мәлімдеді. Бұл оқиға футбол жанкүйерлері арасында қызу талқыға түсті.

Бұл ақпарат футболшылардың жасы өзінен әлдеқайда үлкен әйелдермен қарым-қатынаста болуы туралы тақырыпты қайта жандандырды.

Монакодағы бір түн

Виктория Боняның айтуынша, бұл оқиға бірнеше жыл бұрын Монакода болған. Ол кезде Мбаппе небәрі 17 жаста болса, Боняның өзі футболшыдан 19 жасқа үлкен еді. Олардың жолы сол кезде Мбаппенің командалас досы Неймармен бірге келген кеште қиылысқан.

Боняның сөзінше, көңілді кештің соңы күтпеген жерден сүйісумен аяқталған.

«17 жаста екенін айта алмайсың. Ол Неймармен бірге демалыс күндері Монакоға ұшып келген. Біз бірге кешкі ас іштік. Содан кейін дискотекаға бардық, сол жерде ішіп алып, мен Мбаппемен сүйісіп жатқанымды бірақ білдім. Бірақ одан әрі ештеңе болған жоқ. Мен флирт жасай аламын, бірақ ондай істерге құмар емеспін. Маған байланыс, эмоция, адамды сезіну керек», – деді Боня. 

Бұл мәлімдеме арқылы Боня оқиғаның ары қарай жалғаспағанын және бәрі сол сәттегі эмоциямен шектелгенін жеткізді.

Бұл футболдағы жаңа тренд пе?

Бір қызығы, бұл оқиға футбол әлеміндегі жалғыз мысал емес секілді. Жақында ғана «Барселонаның» 17 жастағы вундеркинді Ламин Ямальдың өзінен 13 жас үлкен, яғни 30 жастағы фитнес-блогер Фати Васкеспен демалыста жүргені белгілі болды.