Рафаэль Леао Милан сән апталығында ерекше — түрме стильдегі образбен 2026 жылдың көктем-жаз топтамасын таныстырды.
Португалия құрамасының және "Милан" клубының шабуылшысы Рафаэль Леао футболмен қатар жоғары сән әлеміне де жақын. Ол сән апталықтарына тек көрермен ретінде емес, кейде модель ретінде де қатысып тұрады.
Леао 2026 жылдың көктем-жаз маусымына арналған жаңа топтаманы таныстырды. Коллекцияның авторы — дизайнер Доменико Формичетти және оның PDF (Present Day Freedom) атты бренді.
Кеш тақырыбы – түрме стилі мен еркіндікке деген ішкі күрес. Шара тұтқындар ауласын еске салатын декорациямен, ал сахна сыртында сары түсті түрме автобусы қойылған кеңістікте өтті. Жинақ атауы – Free-dom ("Еркіндік").
"Кейде менің санам түрме іспеттес. Эмоциялар мен мүмкіндіктер іште қамалып қалады. Оларды босатудың жалғыз жолы — шығармашылық", – деді дизайнер Формичетти.
Рафаэль Леао подиумда тұтқын стиліндегі бейнеде бой көрсетті: