Меруерт Түсіпбаева шоу-бизнес өкілдеріне шүйлікті

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 10:33

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде әр қадамын жария ететін шоу-бизнес өкілдерін сынға алды. 

NUR.KZ

Әнші жұлдыздардың "мобилографсыз өмір сүрмейтін" әдетін сынға алды

Өнер иесі қазір танымал адамдардың "мобилографпен бірге өмір сүруін" түсінбейтінін ашық айтты. Оның айтуынша, бұл үрдіс — шектен шыққан "контент қуалау" мен жасандылықтың көрінісі.

"Осы тақырыпты көтергім келіп жүр еді. Енді ашық айтатын кез келді. Қолынан камерасын тастамай, дәретханадан басқасының бәрін таспалап, желіге салып жүргендерді түсінбей-ақ қойдым. Мобилограф – бұзауын жетектеген сиыр секілді үнемі жанда жүреді", — деді Түсіпбаева өз парақшасында.

Жекелеген тойлардағы тәртіпке қолдау білдірді

Меруерт ханым өз сөзінде жуырда танымал адамның ұлының үйлену тойында куә болған бір жайтты мысалға келтірді.

"Сол тойда ұйымдастырушылар тойхананың есігінде тұрып алып, мобилографтарды кіргізбеді. Қонақтарға арнайы орын бөлінген, ақысын төлеген. Бұл – дұрыс шешім. Барлығының жеке кеңістігі, құқығы бар", — деп жазды ол.

"Контент, статистика деп...": өнердің шынайылығы жоғалып барады

Әншінің айтуынша, "контент жасау" мен "статистика жинау" деген ұғымдар адамдардың табиғи болмысына зиянын тигізіп отыр. Әсіресе, той-жиындар мен отбасылық шараларда мобилографпен жүрген өнер адамдарының әрекетін оғаш санайды.

"Дастархан басында да мобилографпен жүргендер болды. Бұл — тым артық. Контент деген бір пәле болды ғой..." — дейді ол.