Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттің жазбасы желіні дүрліктірді (ФОТО)
Жарнама
Жарнама
Эстрада жұлдызы, KeшYou тобының бұрынғы мүшесі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Әншінің жазғаны оның жеке өмірінде үлкен өзгерістер болайын деп жатқанын меңзейтіндей.
Әлеуметтік желідегі жұмбақ жазба
Қазір шетелде жүрген Ақбота Instagram парақшасына жаңа сурет жариялап, астына әсерлі жазба қалдырған:
"Адамның ең шынайы сезімі – ешбір сөзсіз-ақ жүрегіңді жылытатын сәтте білінеді", – деп жазды әнші.
Осы сөзін ол Stories бөліміне де салып, оған:
"Алла қаласа, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздың сөзі", – деген жазба қалдырған.

Бұл мәлімдеме әншінің жеке өміріне қатысты түрлі болжамдардың тууына себеп болды.
Оқырмандардың ықыласы
Әншінің жазбасын оқыған желі қолданушылары қуаныштарын жасырмай, пікір қалдыруға асықты:
- "Ең сұлу қалыңдық – 2025?",
- "Махаббаттарыңыз баянды болсын!",
- "Бақытты болыңыз!",
- "Алла баянды бақ берсін, айналайын. Бағың ашылсын!" – деп, әншіні құттықтап, ақ тілектерін жаудырған.
Жарнама
Жарнама