Танымал әзілкеш әрі тележүргізуші Тұрсынбек Қабатовқа қатысты әлеуметтік желіде тағы бір шулы жазба пайда болды. Онда өнер иесінің жеке өміріне байланысты мәліметтер келтірілген.
Болжам бойынша Қабатовтың екінші жары бар екені айтылып, келіншектің 1997 жылы туғаны және Қызылорда облысының Бесарық ауылынан шыққаны жазылған. Автордың жазбасына сенсек, ол әйел Астанада тұрып жатыр, әрі оған жайлы өмір үшін қажетті барлық жағдай жасалған: тұрғын үй, көлік, ай сайынғы қаржылай көмек. Сонымен қатар бұл әйел әзілкештен ұл бала туғаны да аталып өткен.
Жазбада одан әрі: "Негізгі әйелі бұл жағдайдан хабардар болған соң, жолдасының екінші әйеліне қысым көрсеткен. Қазір әзілкеш өмірлік жарының қатаң бақылауында, ол Тұрсынбекті күнұзақ қасында ертіп жүреді", — делінген.
Әзірге Тұрсынбек Қабатов пен оның ресми жұбайы, актриса Мөлдір Мұқанова тарапынан бұл мәселеге қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасалмады.
Алайда бұған дейін Мөлдір Мұқанова Анна Данченкоға берген сұхбатында отбасы жағдайының көпшілікке жария болуына қатысты пікір білдіріп, бұл тақырыптың кеңінен таралып кеткенін растаған еді.