Әлемге әйгілі Backstreet Boys тобы осы күзде Қазақстанда өнер көрсетпек. Аңызға айналған бойз-бэнд 1990–2000 жылдары өз хиттерімен жаһандық танымалдылыққа ие болып, әлі күнге дейін жанкүйерлер жүрегін баурап келеді.
Бұл топтың тарихындағы Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.
Backstreet Boys тобы 1993 жылы құрылған. Бүгінгі күнге дейін олар әлемдегі ең табысты бойз-бэндтердің бірі болып есептеледі. Миллиондаған сатылған альбомдар, аншлагпен өтетін концерттер және адал фанаттар бұл топты шынайы поп-иконаларға айналдырды.
Олардың орындауындағы «I Want It That Way», «Everybody (Backstreet’s Back)», «As Long As You Love Me»секілді әндер бірнеше буын тыңдарманның жүрегінен орын тапты. Енді осы хиттерді тірідей есту мүмкіндігі қазақстандық жанкүйерлерге бұйырып отыр.
Қазір концерттерге билеттер сатылымға шыққан жоқ. Ұйымдастырушылар ресми сату басталатын күнді жақын арада хабарлайды деп күтілуде.