Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі жеке хаттар жайлы пікір білдіріп, ел назарын тағы да өзіне аударды.
Қазақстанның шахмат жұлдызы, блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі жеке хаттар (директ) жайлы пікір білдіріп, ел назарын тағы да өзіне аударды. Өзінің Instagram парақшасында 21 жастағы гроссмейстер көпшілік жиі қоятын сұрақтарға әзілмен жауап беріп өтті.
«Директімдегі ең көп сұрақтар: "Жігітің бар ма?", "Маған тұрмысқа шығасың ба?", "Егер мен сені шахматтан жеңсем, кездесуге барасың ба?". Меніңше, бұл сұрақтардың жауабын өздеріңіз-ақ білесіздер», – деп жазды ол.
Бибісара – қазір шахмат әлемінде Қазақстанның ең жоғары рейтингіге ие спортшысы. FIDE рейтингінде әлемнің үздік 12 шахматшысының қатарында және бұл тізімде одан жоғары тұрған қазақстандық әйел шахматшысы жоқ.
Оның спорттағы жетістіктері ғана емес, жеке харизмасы мен көркем бейнесі де жанкүйерлерді тәнті етіп келеді. Әлеуметтік желідегі белсенділігі арқылы Бибісара жастар арасында шахматтың танымалдығын арттырып жүр.