Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сауль "Канело" Альварес "МузАрттың" әнінен "кайф" алды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
14.07.2025, 19:34

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (14–0, 12 KO) Мексиканың аты аңызға айналған чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен (63–2–2, 39 KO) бірге демалып жатқан сәтінің видеосын жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды.

instagram/@nurmaganbet.bek.kazbekuli
Реклама
Реклама

“Канело” ағамен бірге серуендеп жүрміз” – Бек Нұрмағанбет

Нұрмағанбет Instagram парақшасында аңыз боксшымен бірге түскен видеосын жүктеп, оны “Канело” ағамен қыдырып жүрміз” деген жазбамен жариялады. Видеода қос боксшының қасында “Канелоның” жеке бапкері Эдди Рейносо да көрінеді. Жазбаның ерекше тұсы – фонда ойнап тұрған “МузАрт” тобының хит әні.

“Қазақстандық хит – мексикалық ринг жұлдызына да ұнап қалғандай...” – деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.

Нұрмағанбет – “Канелоның” залында жаттығатын тұрақты серіктесі

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет “Канелоның” жаттығу залында тұрақты түрде дайындалады және оның жеке спарринг-серіктесі саналады. Қазірг қазақстандық боксшыны мексикалық суперчемпионның жаттықтырушысы Эдди Рейносо жеке өзі жаттықтырып жүр.

Алдағы жекпе-жек кейінге шегерілді

Бұған дейін Нұрмағанбет 12 шілде күні Мексикада рингке шығуы тиіс болған. Алайда белгісіз себептерге байланысты жекпе-жек кейінге қалдырылған.

Осыған дейін Бек 6 сәуірде Филадельфияда (АҚШ, Пенсильвания) рингке шығып, коста-рикалық қарсыласы Энкарнасьон Диасты (20–6, 11 KO) бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңген болатын.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары