Танымал әнші Нұржан Керменбаев қазіргі өміріндегі қиындықтар мен жеке табыс мәселесі туралы ашық айтты.
Әншінің айтуынша, қазір тек бір табыс көзімен жан бағып отыру қиынға соғуда. Сондықтан қосымша табыс көзі ретінде жеке кәсіп ашуды жоспарлап отыр. Ол бұл туралы "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасында айтты.
"Кәсіп ашу жоспарым бар. Ол міндетті түрде болуы тиіс деп есептеймін. Карантин кезінде көзіміз жетті – тек өнермен шектеліп қалуға болмайды. Балалар бар. Төрт баланы асырау оңай емес. Осы себепті де қосымша бағытта жұмыс істеу қажеттігін түсіндім", – дейді ол.
Нұржан Керменбаев қандай кәсіппен айналысатынын нақтыламады. Дегенмен бұл бағыттың ас мәзіріне қатысты болуы мүмкін екенін аңғартты:
"Қандай кәсіп екенін қазір нақты айта алмаймын. Бірақ тағам желісіне байланысты бір нәрсе деп айтуға болады", – деп қысқаша тоқталды әнші.