Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Тұрсынбекке ақыл керек" — қыздарына ерекше талап қойған Қабатов желіде сынға қалды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
16.07.2025, 11:17

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыздарына қатысты қойған шектеулері қоғам талқысына түсті. 

instagram/@tursynbek_kabatov_official
Реклама
Реклама

Әзілкештің айтуынша, оның қыздары құлақ тесу рәсімінен тек сырға тағу сәтінде өте алады. Бұл жайлы Қабатовтың қыздары тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында мәлімдеген.

"Құдалар келіп сырға салып жатады. Мұндай салттың қазақта нақты бар-жоғын білмейміз. Бұл, бәлкім, Тұрсынбектің өзі ойлап тапқан дәстүр шығар", — дейді Мөлдір Мұқанова қалжың аралас.

Қызығы сол — Қабатовтың бұл талабына оның қыздары да қарсы емес. Олар әкелерінің шешіміне құрметпен қарап, осы күнге дейін құлақтарын теспеген екен.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары мұндай шектеуге наразы пікірлерін білдіруде. Олардың кейбірі мұндай тыйымның қазақи дәстүрге еш қатысы жоқ екенін айтып, Қабатовтың әрекетін сынға алды.

  • "Тұрсынбек шынымен қызық екен, ондай ырым қайдан шыққан?",
  • "Папаларына бір ақыл айтар адам табылса ғой...",
  • "Қыздарын бақылағаны жақсы, бірақ алдымен кеудені жауып киінуді үйретсін", — деп жазды желідегі оқырмандар.
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары