Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Дэвид Бекхэм шаштаразға бармаймын деп басынан айырылды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
21.07.2025, 01:08

Ағылшын футболының аңызы Дэвид Бекхэм имиджін жаңартқысы келіп, 20 жыл бұрынғы стиліне оралмақ болды. Бұл оның алғаш рет АПЛ-дегі "Лестер Ситиге" қарсы матчында жұрт алдына шыққан кездегі қысқа шаш үлгісі болатын. Алайда бәрі жоспардағыдай болмады...

hellomagrussia.ru
Реклама
Реклама

Триммермен "ойнау" неге әкеп соқты?

Жаңа стильді шаштаразсыз-ақ жасап көрмек болған Дэвид үй жағдайында шашын өзі қысқартуға бел буады. Бірақ күтпеген жағдайға тап болып, триммердің басындағы насадка ұшып кетеді. Ал Бекхэмнің төбесінде үлкен бір жер қырылып қалады.

Бұл сәтті камераға әйелі — Виктория Бекхэм түсіріп үлгереді.

"Болдың ба? Қане, қарайық", — дейді Виктория, күйеуінің жалаңаш басын қолымен жапқанын көріп.

Дэвид салмақты кейіппен:

"Бұл күлкілі емес", — деп жауап береді.

Виктория шындықты бүкпейді

Дэвид алақанын алып тастап, төбесіндегі ойдым-ойдым шашты көрсетеді. Осы сәтте Виктория пікірін бүкпей айтады:

"Жақсы көрінбейді... Мен саған әрдайым шындықты айтам — сұмдық көрінеді".

Дэвидтің пікірі: "Жалаңбас болу — жеңіл әрі стильді"

Дегенмен Бекхэм бұл сәтсіздікке қатты қайғыра қоймайды. Жуырда Гэри Невиллмен болған сұхбатында экс-футболшы өзіне жалаңбас жүрген ұнайтынын айтқан еді:

"Бұл — қарапайым, ешқандай күш жұмсамайсың" 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары