Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Назым Қызайбай 40 балаға қуаныш сыйлады

Редактор Penalty.kz
31.07.2025, 16:57

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, белгілі боксшы Назым Қызайбай мектепке дайындық кезінде көпбалалы отбасыларға қол ұшын созып, 40 балаға көмек көрсеткенін хабарлады. 

Instagram/@nazym_kyzaibay09
Реклама
Реклама

Көмек нақты мұқтаж жандарға бағытталды

Боксшының айтуынша, әрқайсысында 5-6 баласы бар ата-аналарға жалпы сомасы 2 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражат мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешек алуға жұмсалды.

"2 миллион теңге, 40 бақытты бала, жүзінен шуақ төккен аналар... Жақсылықты сандармен емес, шын жүрекпен өлшеген жөн", – деп жазды Назым Қызайбай желідегі жазбасында.

Назым көпшілікті жақсылыққа үндеді

Боксшы қазір көмекке мұқтаж отбасылардың әлі де бар екенін айтып, өзгелерді де игі іске үлес қосуға үндеді.

"Егер көмек қолын созғысы келетіндер болса, бізге хабарласуына болады. Қажетті деректерді ұсынамыз. Барлық отбасылардың құжаттары тексерілді, ақша тек растаудан кейін аударылады", – деді спортшы.

Назым Қызайбай өз сөзінде қолынан келгенін жасағанын, ал егер мүмкіндік болса алдағы уақытта тағы да көмек көрсететінін жеткізді:

"Қолымнан келгенін жасадым. Бұйыртса, бұл әрекет жалғасын табады", – деп түйіндеді ол.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары