Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Оған бәрі жарасады": Қайрат Нұртас көшеде билеп, жанкүйерлерін қуантты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
01.08.2025, 17:27

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас көпшілік алдында ерекше образымен жарқ ете түсті. Көп ұзамай бесінші рет әке атанғалы отырған әнші қаланың қақ ортасында билеп, жанкүйерлердің көңілін бір серпілтті

adyrna.kz
Реклама
Реклама

Видео Instagram желісінде жарияланды

Қайрат Нұртастың ресми парақшасына жүктелген бейнежазбада әнші кең баспалдақпен түсіп келе жатып, музыка ырғағымен еркін және ырғақты би қимылдарын жасайды. Артқы фонда мегаполис ғимараттары көрінеді.

Жұлдыздың үстінде – кең сұр түсті костюм, ақ аяқкиім, қара көзілдірік пен сымсыз құлаққап. Биі мен харизмасы көпшілікті тәнті етті.

Гүлзира Айдарбекова: “Жеребеногым, жүрегім менің”

Әлеуметтік желіде Қайраттың бейнежазбасына мыңдаған пікір жазылды. Олардың ішінде алғашқы болып әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова пікір қалдырды:

“Жеребеногым, жүрегім менің. Алла саған бұл дүниеде де, ақыретте де 100 жылдық бақыт пен өмір берсін”.

Жанкүйерлер де қарап қалмады:

  • “Қайратқа бәрі жарасады!”
  • “Біздің аңызымыз жасарып барады!”
  • “Харизмасы қызы Алауға да дарыған екен!”
  • “Қайраттың теңі жоқ!”
  • “Молодец, Қайрат!”
Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары