Ташкенттегі "Бунёдкор" стадионында өткен Дженнифер Лопестің концерті футбол алаңының жағдайына қатысты алаңдаушылық тудырды.
Өзбекстандық Championat.Asia басылымы бұл мәселенің салдарын анықтау үшін халықаралық мамандарға жүгінді.
Сауд Арабиясындағы "Kingdom Arena" стадионының агрономы Стюарт Макчэйн концерттерден кейін футбол алаңының ерекше күтімді қажет ететінін атап өтті:
"Әдетте алаңды қалпына келтіру үшін 6–8 апта керек. Егер тәжірибе болмаса, газонды бір күнде құртуға болады. Ал дұрыс әдіспен жұмыс істесе, бір айдың ішінде қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар".
Макчэйннің айтуынша, концерт кезінде қолданылатын уақытша жабындар газонды толық қорғап қала алмайды. Ол мына қадамдарды бірден орындау керектігін айтты:
Бұл әдістер футбол маусымына кедергі келтірмей, алаңды тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді.