Он жылдық махаббат тарихы жаңа белеске шықты – Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске үйлену туралы ұсыныс жасап, сақина сыйлады.
Футбол әлеміндегі ең танымал жұптардың бірі — Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес — енді ресми түрде отбасын құруға дайын. Португалиялық жұлдыз сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасап, жанкүйерлерін қуантты.
Джорджина бұл қуанышты хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол безендірілген әсем сақинаның суретін жариялап, астына романтикалық жазба қалдырды:
«Әрине, иә! Бұл өмірде де, барлық басқа өмірлерде де!» — деп жазды ол.
Бұл жаңалық желіде тез таралып, жанкүйерлерден ыстық лебіздер мен құттықтаулар қарша борады:
«Тамаша! Құттықтаймыз!»
«Netflix-те осы ер адамды қалай өміріңе әкелгеніңді көрсетші»
«Қымбаттым, сен өмірде жеңдің!»
Криштиану мен Джорджина бірге он жылдан бері өмір сүріп келеді. Криштиану Роналду бүгінде 5 баланың әкесі.