Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова бесінші рет сәбилі болды (ВИДЕО)
19.08.2025, 16:10
Қазақстандық шоу-бизнестегі ең танымал жұптардың бірі – әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімова отбасында қуанышты жаңалық болды. Жұлдыз бесінші рет ана атанды.
esquire.kz
Жұлдыздың жүрекжарды жазбасы
Актриса сүйінші жаңалықты Instagram-парақшасында жариялады. Ол аяғы ауыр кезіндегі сәттер мен жаңа туған сәбимен түскен видеоны көрсетіп, астына қысқа ғана:
"Жаңа тынысым" – деп жазды.
Бұл хабар желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды.
Қоғамдық реакция
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты жарыса құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде:
- "Бауы берік болсын!"
- "Шын жүректен қуаныштымыз"
- "Әлі босанбайды деп жүрсек, тосынсый болды"
- "Ата-анасына тартсын, елге сыйлы болсын"
Алайда Жұлдыз Әбдукәрімова сәбиінің жынысын әзірге құпия ұстады.
Отбасының қуанышы
Бұл – Қайрат пен Жұлдыздың бесінші баласы. Бұған дейін олардың екі ұлы мен екі қызы бар. Жаңа туған сәби жұлдызды отбасының бақытын еселеп, қалың көпшілікке қуаныш сыйлады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама