Әлеуметтік желідегі сын пікірлер
Көрермендердің басым бөлігі Сәбинаның сөзін жасандылыққа балап, пікір қалдырды:
- "Сәбина психологтардың бәріне барған сияқты, тек олардың сөздерімен сөйлейді. Шынайылық жоқ, тек инфоцығандардың тіркестері. Неге қарапайым тілмен сөйлемейді?"
- "Шынайылық сезілмейді, Сабина дайын мәтінді жаттап алғандай әсер қалдырды".
- "Даусынан тыныштық пен жеңілдік байқалмайды. Бәрін араластырып айтады — бас ауырады".
- "Бұл сұхбаттан кейін түсіндім: ол тек әдемі бейне, бәлкім мықты волейболшы. Бірақ кейде сұхбат бермей, жұмбақ күйінде қалған дұрыс шығар, әйтпесе көрермендер үшін тек көңіл қалу болып шығады".
"Пластика" төңірегіндегі күдік
Кейбір жанкүйерлер Сәбинаның түр-әлпетіне қатысты пікір білдіріп, оның пластикалық операция жасағанын болжады:
- "Неге пластикалық операция жайлы сұрамады? Неге оны жасады екен?"
- "Бірдеңе өзгерген сияқты. Пластика ма, әлде есейген бе? Бұрын көзі әдемі, дөңгеленіп тұратын, енді түлкі көз болып кеткен. Неге бұлай бұзды?"
- "Жақсы жағына емес, өзгеше өзгерген. Әрине, пластика жасаған сияқты — көзі қиғаштанып кетіпті".
Жақтаушылардың жылы лебіздері
Сонымен бірге Сәбинаны қолдайтын жанкүйерлер де аз емес:
- "Ол өз саласында үлкен жетістікке жетті. Бұл — орасан еңбек".
- "Осындай адамдарды жақсы көремін! Өзіне сенімді болу — ең маңыздысы".
- "Ақылды, әдемі, сенімді әрі харизматикалық Сәбина. Рухы мықты, қиындыққа сынбады. Халқының дана әрі лайықты қызы".
- "Өте әдемі әрі сымбатты Сәбина! Қазақстан спортына қайта оралғанына қуаныштымын".
- "Қандай керемет сауатты сөйлейді! Тәрбиелі, ақылды, әдемі, күшті!"
- "Керемет Сәбина! Қызғаншақтар бір шетте тұра берсін".