UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов пен белгілі теннисші Зарина Диястың бірге түскен суреті жанкүйерлер назарын аударды. Әлеуметтік желіде бұл кадр бірден спорт сүйер қауым арасында талқыға түсті.
Зарина Дияс Instagram парақшасында Шавкат Рахмоновпен бірге түскен суретін жариялады. Жазбасында теннисші қысқа ғана:
«Чемпион», — деп жазып, қазақстандық файтердің ресми аккаунтын белгіледі.
Бұл жазба спорт жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық туғызды.
Зарина Дияс – WTA турнирінің жеңімпазы, Токио–2020 Олимпиадасының қатысушысы. Қазір WTA рейтингінде 232-орында, ал мансабындағы ең жоғары көрсеткіші – 31-орын.
Шавкат Рахмонов – UFC жартылай орта салмақтағы рейтингте 3-орында тұр. Сондай-ақ pound-for-pound (P4P) тізімінде үздік 20 спортшы қатарына кіреді. Соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген.