Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, ел тарихындағы ең атақты боксшы Назым Қызайбай жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап беріп, өз болашағын қай салада көретінін айтты.
Әлеуметтік желідегі жазбасында Назым өзіне жиі қойылатын «Саясатқа барасыз ба?» деген сұраққа нақты жауап берді.
«Болашақта депутат боламын ба деген сұраққа айтарым — жоқ. Мен өзімді спорт әлемінде көремін. Себебі спорт – менің өмірімнің ажырамас бөлігі. Мен жақсы білетін, жүрегіммен түсінетін істі жасағым келеді. Маған саясаттан гөрі еңбек пен табандылық арқылы елге үлгі болу маңызды. Сондықтан өз саламда дамып, қоғамға нақты пайда әкелетін кәсіби маман болғым келеді», – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Назым Қызайбай – Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы және ел тарихындағы ең табысты боксшы.
Оның спорттық жетістіктері:
Назым Қызайбайдың бұл мәлімдемесі әлеуметтік желілерде қызу қолдау тапты. Көпшілік оның шынайылығы мен еңбекке адалдығын, сондай-ақ жастарға рухани және кәсіби үлгі бола алатын тұлға екенін атап өтті.
«Нағыз чемпион – тек рингте емес, өмірде де ұстанымынан айнымайтын адам», – деп жазды бір жанкүйері.