Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қуат Хамитов қазақстандық футболшыларды қатаң сынға алды

Сарапшы, спорт журналисі
17.10.2025, 12:57

Танымал ММА жауынгері Қуат Хамитов Namys Fighting YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстан футболының қазіргі жағдайына және ұлттық құраманың болашағына қатысты пікір білдірді.

Қуат Хамитов
Реклама
Реклама

Спортшының айтуынша, қазақстандық футболда жүйелі дағдарыс бар, ал елде «жас буын өсіп келеді» деген әңгіме – бос үміт қана.

«Қайтадан жеңілді. Кеше маған біреулер айтып жатыр: «Қуат, сен қателесесің, жастар өсіп келеді, бәрі алда». Қайдағы жастар? Олар Андорра ма, Лихтенштейн бе, аты-жөнін де білмеймін, сондай елдерден жеңілді. Ал ол командалар алты жыл бойы жеңіске жетпеген! Кеше біздің «Қайраттық» жастарды тас-талқан етті. Сонда мен қай жерден қателестім? Барлығы жеңіліп жатыр әрі бұл енді ғана басталды», — деді ол.

Файтер футболшылардың өзін шетелдік жұлдыздармен салыстыруын сынға алды:

«Олар өздерін Еуропаның мықты елдерімен, Чемпиондар лигасында ойнайтын клубтармен салыстырғанды ұнатады. Бірақ айырмашылық мынада: олар өз халқын тонамайды. Мен Роналдуның Португалия халқының миллиардтарын ұрлап, кейін «Спортинг», «Реал» немесе «Аль-Иттихад» клубтарында ойнағанын естіген емеспін. Ондай нәрсе болмайды», - деді Хамитов.

Айта кетсек, соңғы уақытта қазақстандық жастар құрамаларының нәтижесі көңіл көншітпейді: U-21 құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстаннан 0:1 есебімен ұтылса, U-20 құрамасы да сол қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберген. Бұған дейін U-21 командасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Андорраға 0:1 есебімен жеңілген болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары