"Қазгидромет" РМК 18 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде күн райының бұзылуына орай ескерту жариялады.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15–20 м/с-қа, кей сәттерде 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында да оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетуі ықтимал.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел күндіз бұл аймақтарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше, ал шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі болжанады.
Абай облысында жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз орталықта екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Шығыс Қазақстан облысында да желдің бағыты шығыстан және оңтүстік-шығыстан болып, күндіз орталық пен шығыста жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде төтенше, ал батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Сонымен қатар, солтүстік пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының солтүстігі мен батысында тұман түседі. Солтүстік, оңтүстік және шығыс аудандарында төтенше, ал солтүстік-шығыс пен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысында солтүстік-батыстан соққан жел таулы аймақтарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында да солтүстік-батыстан жел соғып, тау асуларында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Аймақта төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Батысында тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, солтүстік пен шығыста 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.