Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Ашық киінудің қажеті жоқ еді»: Мақпал Исабекова батыл образы үшін сынға қалды

Сарапшы, спорт журналисі
21.10.2025, 20:00

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде жариялаған жаңа бейнежазбаларымен «ұятмендердің» назарын аударды. 41 жастағы әртіс сахнаға арналған жоғары тілігі бар қара көйлекпен көрініп, желіде қызу талқыланған.

instagram.com/@makosyai
Реклама
Реклама

Мақпал Исабекова танымал қазақстандық дизайнер тіккен әсем, бірақ ашық көйлекпен түскен бірнеше видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Алайда бұл образ кей желі қолданушыларының көңілінен шықпаған:

  • «Сіз мені ренжіттіңіз, бәрі жақсы, бірақ ашық киімнің қажеті жоқ еді»,
  • «Сіз – екі баланың анасы, мұндай киім жараспайды»,
  • «Енді бәрі Джей Ло-ға еліктейді» — деп жазған сыншылар.

Соған қарамастан жанкүйерлердің басым бөлігі әншінің образын жоғары бағалады:

  • «Біздің сұлу»,
  • «Күннен күнге жасарып барасыз»,
  • «Керемет формадасыз, Макося!» — деп қолдау білдірген пікірлер де көп болды.

Көп ұзамай Исабекова дәл осы көйлекпен түскен суретін жариялап, сын айтқандарға ирониямен жауап берді:

«Бұл көйлек Пандораның жәшігін ашқандай болды. Менің сүйікті “ұятмендерім”, сіздерді қатты сағындым! Декретте жүргенде сіздердің пікірлеріңіз жетіспеп еді. Алысқа кетпеңіздер, мен сіздерді әлі талай “қуантамын”», — деп жазды әнші.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары