Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Доллар – 540 теңге: Ұлттық банк валюта көтерілуіне қатысты түсініктеме берді

Сарапшы, спорт журналисі
24.10.2025, 07:20

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев алдағы жылдарға арналған ел бюджетінде неліктен бір доллар 540 теңгеге бағаланғанын түсіндірді.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

"2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда бір доллардың 540 теңгеге бағалануы — индикативтік көрсеткіш қана. Бұл туралы сенат отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

"Бюджеттік жоспарлауға енгізілген барлық нәрсе — индикативтік көрсеткіш, яғни Қаржы министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп қандай да бір бағдар белгілеуі керек. Олар бюджетті шамамен алынған қандай да бір валюта бағамынсыз есептей алмайды, сондықтан бұл бағам индикативтік қана. Бұл біздің таргет емес, осы бағамға қол жеткізуіміз керек деген мақсат емес", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банктің басты мақсаты — инфляция деңгейін төмендету. Ал ұлттық валюта бағамы тек бюджетті болжау кезінде пайдаланылатын техникалық көрсеткіш ретінде қарастырылады.

Еске сала кетсек, 1 қазан күні Қазақстанда АҚШ долларының ресми бағамы 549,06 теңгеге дейін көтеріліп, жаңа тарихи рекорд орнатқан болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары