Танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды
11.01.2026, 22:28
Аталған іс 2026 жылғы 10 қаңтарда Астана қаласында тіркелді.
Finratings.kz
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) танымал блогер Қамза Қайсар Бақытжанұлына (әлеуметтік желідегі лақап аты — qais_arr) ресми түрде іздеу жариялады.
Құзырлы орган таратқан ақпаратқа сәйкес, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлына қатысты іздестіру ісі 2026 жылғы 10 қаңтарда Астана қаласында тіркелген. Іздестіру шараларын Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда іс бойынша өзге ақпарат әзірге белгісіз.
Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырған 121 адам жауапкершілікке тартылды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама