Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова жеке өміріндегі өзгерістерден кейін әлеуметтік желіде жаңа сурет жариялап, оқырмандарымен нәзік әрі әсерлі сәттерді бөлісті.
Instagram парақшасының Stories бөлімінде Сәбина кішкентай баланың ақ параққа маркермен сурет салып жатқан қолын көрсететін фото жариялады. Жазбада: "Бүгін бұл жігіт менің қасымда" деген қысқа әрі мағыналы мәтін қалдырылған.
Суретте баланың беті көрінбесе де, бұл Сәбинаның үш жасар ұлы болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр
2025 жылдың наурыз айында Сәбина Алтынбекова продюсер Саят Тостықбаевпен ресми түрде ажырасқанын жариялады. Екеуі 2020 жылдың желтоқсан айында үйленіп, 2021 жылдың қазанында ұлды болған.
"Иә, мен ресми некеде болдым және қазір ресми түрде ажырастым. Бұл туралы көп сұрақ болды, енді бұл тақырыпты жабамын", — деп мәлімдеген болатын волейболшы өз оқырмандарына.
Сәбина Алтынбекова бүгінде тек спорттағы жетістіктерімен ғана емес, ана ретіндегі рөлімен де назарда. Оның соңғы жарияланымы – өміріндегі жаңа кезеңнің жарқын белгісі. Жанкүйерлер мен қоғамның қолдауы спортшыға сенім мен тыныштық әкелуде.