Норвегиялық сұрмерген Эрлинг Холанд 2024/2025 маусымының соңында "Манчестер Сити" клубынан кетуі мүмкін.
El Nacional басылымының мәліметінше, команданың нәтижесіне көңілі толмаған Холанд маусым соңында клубтан кету туралы шешім қабылдауы ықтимал. Оның қызметіне “ПСЖ” мен “Бавария” секілді Еуропаның алпауыт клубтары қызығушылық білдірген.
Холанд “Манчестер Ситиге” 2022 жылдың жазында Дортмундтың “Боруссиясынан” ауысып келген. Оның келісімшарты 2034 жылға дейін жарамды. Бірақ клубтағы жағдай бұл жоспарға өзгеріс енгізуі мүмкін.
Ағымдағы маусымда Холанд 40 матчта 30 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Бұл оның әлі де шабуылда шешуші ойыншы екенін көрсетеді.
Ағылшын кубогының ширек финалында “Борнмутқа” қарсы өткен ойында (2:1) Эрлинг Холанд ауыр жарақат алып, бірнеше аптаға ойыннан шеттетілгені белгілі.