Арсенал Реалды таптап өтті! Корольдік клубта мүмкіндік қалды ма? (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
09.04.2025, 08:40

«Арсенал» 3:0 есебімен корольдік клубты тас-талқан етті.

championat.com

Лондондағы кеште нағыз сенсация орын алды. Чемпиондар лигасының ширек финалында «Арсенал» өз алаңында «Реал Мадридті» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Ойынның басты қаһарманы – Деклан Райс. Ағылшын жартылай қорғаушысы өз мансабында тұңғыш рет дубль жасап қана қоймай, екі голды да айып добынан соқты. Бұған дейінгі 238 кәсіби матчында мұндай жетістікке жете алмаған футболшы бұл жолы нағыз керемет кеш өткізді.

Матчтағы голдар:

  • 58' – Деклан Райс
  • 70' – Деклан Райс
  • 75' – Микель Мерино

Мюнхендегі драма: «Интер» тағы да «Баварияны» тоқтатты

2010 жылғы финалдың ремейкі Мюнхенде өтті. Ол кезде де жеңіс «Интерге» бұйырған еді. Бұл жолы да тарих қайталанды.

«Бавария» соңғы минуттарда есепті теңестіріп, жанкүйерлерін үміттендірген. Алайда үш минут өткен соң Давиде Фраттези шешуші соққы жасап, «Интерге» жеңіс сыйлады. Есеп – 2:1.

Голдар:

  • 38' – Лаутаро Мартинес
  • 85' – Томас Мюллер
  • 88' – Давиде Фраттези

Қарымта ойындар

Қарымта кездесулер келесі аптада өтеді. Ал бүгін түнде ширекфиналдық тағы 2 кездесу болады. 

  • «Барселона» vs «Боруссия» Дортмунд
  • ПСЖ vs «Астон Вилла»

Матчтар түнгі сағат 00:00-де басталады.